Бекшин Алматыда коронавирус індетін жұқтыру деңгейі төмендегенін айтты
Бекшин Алматыда коронавирус індетін жұқтыру деңгейі төмендегенін айтты
176
оқылды
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-конференция барысында қалада коронавируспен ауыратындардың қатары төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Оның айтуынша, күнделікті өсім 4% құрады.
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 жағдай анықталған. 90 адам емделіп, сауығып кетті. Өткен тәулікте 31 жағдай тіркелді, жалпы статистика бойынша ауруды жұқтырушылардың күн сайынғы өсімі 4% құрады. Апта басында күнделікті бұл өсім 15,6% құрады. Міне, осы цифрдан дерттің екпіні төмендеп келе жатқанын байқауға болады, - деді ол.
Бекшин карантин өте тиімді шара екенін атап өтті. Ауруханаларға 1400 науқас жатыр, 8590 адам үй карантиніне оқшауланған. Бұл шара - өте тиімді, - деді ол. Сондай-ақ, ол ауруды анықтауға 6 зертхана жұмылдырылып жатқанын айтты.
КВИ-ді тексерілу үшін 19 мыңнан астам экспресс-тест сыналды. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы расталды, - деп сөзін қорытындылады Бекшин.