– Ағымдағы жылдың 22 сәуіріне жоспарлы облыс аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша ТЖК отырысы өткізіліп, қала аудан әкімдеріне және мемлекеттік мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасарына 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында Түркістан облысының аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітуге ұсынылды, – деді Е.Нұрғалиұлы.
Жыл басынан бері «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жерлерде 12 мәрте өрт ошақтары сөндірілді. «Созақ орман және жануарлар әлемінің қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» 1 рет, «Отырар орман және жануарлар әлемінің қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» 2 рет өрт тіркелген.
Айта кетейік, 2019 жылдың 3 айында ешқандай өрт оқиғасы орын алмаған. Жалпы өткен жылы 5 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 63,1 гектар жер отқа оранып, орман шаруашылығына 562,2 мың теңге шығын келген.
Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы.