Қазақстанның екі қаласы мен бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады Қазгидромет РМК.
28 сәуірде Ақмола облысыныңкей жерлерінде, Көкшетау қаласында қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында да 28 сәуірденайзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде, Түркістан қаласында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 28 сәуір күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Сонымен қатар, дәл осы күні Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%.