Нұр-Сұлтанда саяжай иелеріне бау-бақшаға баруға рұқсат берілді
Нұр-Сұлтанда саяжай иелеріне бау-бақшаға баруға рұқсат берілді
© сурет интернеттен алынды
5,191
оқылды
Мемлекеттік комиссияның шешімімен елордада 27 сәуірден бастап саяжай иелеріне карантиндік аймақ шегінде орналасқан бау-бақша учаскелеріне баруға рұқсат берілді, - деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Саяжай иелеріне тұқым мен көшет отырғызуға рұқсат. Қонақ шақыруға, табиғатта немесе саяжай аумағында пикниктер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. 27 сәуірден бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрмыстық электр техникасын сататын дүкендерге (ауданы 2 мың шаршы метрден астам), банк қызметі мен микроқаржы ұйымдарына, сақтандыру қызметіне; риэлтерлік компанияларға, агенттіктерге, жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі консалтингтік қызметтерге, тұқым сататын дүкендерге, зоомагазиндерге жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі. Инфекцияны жұқтыру қаупі жойылмағандықтан ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Қоғамдық көліктің жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды. Балабақшалар, үйірмелер мен секциялар жұмыс жасамайды. Ал жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Естеріңізге сала кетейік, Президент Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзартты.