Құмар ойынды құмартқандар
Құмар ойынды құмартқандар
172
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің Алматы қаласы бо­йын­ша департаменті мен Сы­байлас жемқор­лық­қа қар­сы күрес агенттігінің Ал­маты қаласы бойынша де­партаменті, Ұлттық ұлан­ның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі нау­рыз айынан бастап елдегі төтенше жағ­дай мен Алма­ты қаласын­да­ғы карантин режиміне қа­рамай жұмыс істеген заңсыз ойынхананы әшкереледі. Осы жедел-іздестіру шарасы сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні өткізілді. Нәтижесінде ве­домство қызметкерлері қаланың орталығында орналасқан ғима­ратта құмар ойындарға қатыс­қан 30-дан артық келуші мен қыз­меткерді ұстады. «Құмар ойындар өтетін орын­ға кіру үшін арнайы өткізу жү­йесі әрекет еткен, ол бо­йын­ша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған. Аумағы 1 000 шаршы метрден асатын казино ішінде тінту іс-шара­ларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға ар­налған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сон­дай-ақ бір күндік заңсыз әрекет­тен түскен ірі мөлшердегі ақша­лай қаражат алынды», – дейді Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің өкілдері. Заңсыз ойын ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстегі 307-бабтың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғал­ды. Жасырын казиноға қатыс­қан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай ре­жимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар да тол­тырылды.  

Әділ БЕК