Халықпен тікелей жүздесу
Халықпен тікелей жүздесу
231
оқылды
Nur Otan партиясының өңірлердегі филиал жетекшілері елдегі төтенше жағдай уақытында халықты әлеу­меттік жағы­нан қолдауға бағытталған BizBirgemiz шарасының ма­қ­сатын түсіндіру үшін халықпен арнайы кездесу өткізді. Іс-шара ба­рысында партия өкілдері тікелей эфирге шығып, тұр­ғын­дардың бірқатар сауалына жауап берді. Әлеуметтік желі арқылы тіке­лей эфирге шыққан Nur Otan пар­тиясы Нұр-Сұлтан қалалық фи­лиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов наурыз айының соңында бастау алған BizBirgemiz рес­публикалық акциясының бірін­ші толқынын қорытындылап, ары қарай да жал­­­­ғасатын акцияның екін­ші толқыны туралы айтты. 2 сағат­тан астам уақыт ішінде кө­рер­мен­дерден 1 000-нан астам сұ­рақ ке­ліп түсті, олардың басым бө­лігі Birgemiz қоғамдық қорынан тө­ле­нетін төлемдерге, халықтың әлеу­мет­тік осал топтарын азық-тү­лік се­бетімен қамтамасыз етуге қа­тыс­ты болды. Сондай-ақ көптеген тұр­­ғындар партиялықтарға азық-тү­­лікті жасақтау мен тасымалдауға қа­­лай көмектесуге болатынын сұрады. Елорда бойынша азық-тү­лік се­­бетін барлығы 11 мыңға жуық от­­­басы алып үлгерді. Бү­гін­­­­гі күні құны 127 млн теңге бо­­­­латын 8 472 жиын­тық тара­тыл­­­­ды. Акцияның екін­ші тол­қы­­нында 28 073 отбасына 1,4 млрд теңге көлемінде көмек көр­сетіледі. Қаражатты аудару ке­лесі са­наттар бойынша басталады: аз қамтылған отбасылар, оның ішін­­де көпбалалы отбасылар – 7 593 адам, көмекке мұқтаж мүге­дек­тер – 9 391 адам, мүгедек ба­ла­ны күтуді жүзеге асыратын тұл­ға­лар  – 469 адам, зейнеткерлер – 10 532 адам, жетімдер – 42 адам, ҰОС ар­дагерлері және оларға теңес­тіріл­ген­дер – 8 адам, тыл еңбек­кер­лері 38 адам, – деді Ерлан Ка­налимов. Елдегі төтенше жағдайға бай­ла­нысты азаматтарға мемлекет жә­не облыстық әкімдік тарапынан көр­сетіліп жатқан көмек пен пар­тияның BizBirgemiz акциясы тура­лы толыққанды ақпарат беру үшін Nur Otan партиясының Шығыс Қа­зақстан облыстық филиалы да тікелей эфир ұйымдастырды. Эфирді 200-ден астам адам та­ма­шалап, тұрғындар тарапынан 100-ден астам сұрақ жолданды. Әр мәселеге жіті назар аударылып, сұ­рақтардың басым көпшілігіне нақ­ты жауап берілді. Әдеттегідей эфир­де 42  500 теңгені алу, 15 мың теңге коммуналдық төлемақы, мем­лекет тарапынан берілетін әлеу­меттік көмектерге қатысты, Birgemiz қоғамдық қорынан бері­летін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке бай­ланысты сауалдар легі көп бол­ды. Nur Otan партиясы Шығыс Қа­зақстан облыстық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков қойылған әр сауал­ға жауап беріп, кейбір маңыз­ды сұрақ­тарды өзінің жеке бақы­лауы­на алды. Жалпы, бүгінге дейін Nur Otan пар­тиясының BizBirgemiz акциясы бойынша Шығыс Қазақстан об­­­­лы­сындағы 2 115 отбасына азық-тү­лік жеткізілді. Бұл ретте нау­қан­ға өңірдегі кәсіпкерлер мен мәс­лихат депутаттары, ерікті жас­тар, аудан әкімдіктері, партия өкіл­дері және жасотандықтар ай­­рықша белсенділік танытты. Ел­­басы – Nur Otan партиясының тө­рағасы Н.Назарбаевтың баста­масымен құрылған Birgemiz қо­ғам­дық қоры арқылы Өскемен мен Семей қалаларында тұратын 12 419 тұрғын 50 мың теңгеден ма­­­териалдық көмек алды. Nur Otan партиясының Ақ­мо­ла облыстық филиалы да өңір тұрғындарымен тікелей эфир арқылы байланысқа шық­ты. Партия филиалының Facebook және Instagram әлеу­мет­тік желі­ле­ріндегі ресми парақ­ша­ларын­да еліміздегі төтенше жағдайға бай­ланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмек пен пар­тияның BizBirgemiz акциясы ту­ралы толыққанды ақпарат берілді. Тікелей эфирді 2 500-ден астам тұрғын тамашалады. 400-ге жуық сұрақ қойылды. Өз кезегінде Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қойылған әр сауалға нақты жауап беріп, маңызды мәселелерді жеке бақылауына алды. Елбасы – Nur Otan пар­­­­тия­сы­ның төрағасы Н.Назарбаев­тың бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қоры арқы­лы Көкшетау қаласының 2 930 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек ал­ды. Nur Otan партиясының BizBirgemiz акциясы бойынша Ақ­мола облысындағы  4 057 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, тікелей эфир Маң­ғыстау облысында да ұйым­дас­ты­­­рылды. Күллі мұсыл­ман қауы­мын қасиетті Рамазан айы­ның бас­талуымен құттықтаған  Nur Otan партиясы Маңғыстау облыс­тық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Елубай Әбілов эфирде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен рес­пуб­ликалық Birgemiz қорынан өңір­­лік Birgemiz-Mangystau өңір­лік қорына барлығы 324 350 000 теңге бөлінгенін мәлім етті. Бір сағатқа созылған кездесу ая­сын­да облыстық партияның ресми парақшаларындағы Facebook желісіне 500-ге жуық, ал Instagram-ға 300-ден астам же­лі қолданушысы қосылды. Facebook-ке барлығы 113 сұрақ түссе, Instagram-ға 273 сұрақ пен ұсы­ныс-пікір жазылды. Осы уақыт ара­лығында Елубай Жақайұлы бар­лығы 143 тұрғынның сұрағына  жауап беріп үлгерді. Ол сондай-ақ эфирде қойылған өзге де сұрақ­тар жауапсыз қалмайтынын, ұсы­ныстар мен пікірлердің де міндетті түр­де ескерілетінін айтты. Сұрақтардың дені әлеуметтік кө­мек алушылар тізімінде бар не­месе жоқ екенін білу, берілетін қар­жы не себепті тек Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының тұр­ғын­да­рына тиесілі екені, төтенше жағ­дай кезінде 50 мыңнан бөлек, 42 500 және 15 мың теңгені қалай алу­ға болатыны туралы сауалдар қойыл­ды. Ал әлеуметтік желідегі тікелей эфир­ді республикалық «Астана» те­леарнасы түсірді. Сонымен қатар Nur Otan пар­тиясы Маңғыстау облыстық фи­­лиалы төрағасының бірінші орын­­басары Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойын­ша «Кедергісіз келешек», «Ба­­қытты отбасы» және «Ар­да­­­герлерді ардақтайық» пар­тия­­лық жобалары аясында ме­це­наттар, кәсіпкерлер мен бел­сенді азаматтар елдегі іске асып жатқан шараларға қолдау та­нытып жатқанын тілге тиек етті. Соның арқасында бүгінге дейін 2 704 отбасына бірінші ке­зектегі азық-түлік себеті мен ме­дициналық бетперделер, анти­сеп­тикалық құралдар сатып алын­ғанын,  әлеуметтік көмекті пар­тиялықтар мен Jas Otan Жастар қа­­натының ерікті жастары бірлесе ұйымдастырып жатқанын ерекше атап өтті. Айта кетейік, партиялықтар елі­міздегі төтенше жағдай кезінде ха­лықпен оңтайлы тәсіл арқылы бай­ланыс орнатып, әлеуметтік же­ліде партия мен мемлекет тара­пынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселелері туралы тұр­ғын­дардың сұрақтарына жауап беріп, өзек­ті мәселелерді халықпен бір­ге талқылады. Ал тұрғындар кө­кейінде жүрген түрлі сұраққа жауап алып, қиын шақта халықпен бірге бола білген партиялықтарға ал­ғысын білдірді.  

   width=Абылайхан ЖҰМАШ