Бүгін Қазақстанның кейбір аймағында жаңбыр жауып, солтүстікте, оңтүстікте жауын-шашынды болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Жел түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен есіп, екпіні 25 метр болады. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20, жекелеген аймақтарда 23-28 метр болуы ықтимал.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қостанай облысының бірқатар аумақтарында дауыл тұрып, тұман түседі, жел күшейіп, жылдамдығы секундына түнде 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні 23 метр болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында түнде және таң ата кей жерлерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір бөліктерінде тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы скундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, түнде кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ақтөбе облысында желдің жылдамдғы секундына 15-20 метрге жетеді.