Түркияда жартастан құлаған қыздың мәйітін әкелуге 1 300 000 теңге қажет
Түркияда жартастан құлаған қыздың мәйітін әкелуге 1 300 000 теңге қажет
Фото: Интернеттен алынды
310
оқылды
Түркияда қазақстандық қыз жартастан құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Антальяның ұлттық саябағында болған. Қыздың құрбысы Ольга Кравчуктың айтуынша, мерт болған құрбысы Түркияда бес жыл гид болып жұмыс істеген. «Анталья ұлттық саябағындағы сарқыраманың қасында болды. Жартастар сырғып, ол үрейі ұшып, көшкен таспен бірге құлап кетті. Сарқыраманың биіктігі – шамамен 35 метр», – дейді Кравчук. Қайтыс болған қыздың жақындары мен туыстары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаржы жинап жатыр. Жақындарының айтуынша, қыздың мәйітін жеткізу үшін 900 мың теңге керек. Бірақ мәйітті Алматыдан Қостанайға жеткізу ең үлкен проблема болып отыр. Себебі, ол үшін тағы 400 мың теңге қажет.