Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келе жатқанын айтты
Есмағамбетова елімізде коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келе жатқанын айтты
© eva.ru
5,165
оқылды
Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, «Соңғы аптада жалпы еліміз аумағында ауруға шалдығу 8-ден 5,5 пайызға (28 сәуірдегі жағдай бойынша) дейін төмендегенін көріп отырмыз. Бір аптада еліміз бойынша ауруға шалдығу өсімі 2,5 пайызға азайды», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол карантин талаптарын ұстану керектігін атап өтті. « Алайда кебір өңірлерде коронавирус жұқтыру жағдайлары жалғасуда, яғни оларда індетке шалдығу өсімі 0-ден 40 пайызға дейін құбылып тұрады. Бұл өз кезегінде сырқаттану ағыны өзгермелі сипатқа ие екенін байқатуда. Осы орайда, өңірлерді іске асырылып жатқан карантиндік шараларды жалғастыру керек. Бұл тұрғыда талаптар жеңілдетілгеннің өзінде қауіпсіздік ережесін ұстану керек», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.