Камал Рахметқалиев - ел жүрегінде сақталған батыр
Камал Рахметқалиев - ел жүрегінде сақталған батыр
©Сурет интернеттен алынды
128
оқылды
Совет Одағының батыры атағына ұсынылған, бірақ оны ала алмаған атыраулықтар қаншама?! Ал оның ішінде  «Алтын Жұлдыз», не «Даңқ» орденінің толық иегері болуы үшін оның 1-ші дәрежесі берілмей қалған қанша батыр бар.

Негізі барлығы 11 адам. Атап айтсақ, Дүйсенғали Әжіға­лиев, Сәді Дүйсенбеков, Рахметолла Қараманов, Қара­күш Өмірзақов, Жамиль Жұмашев, Адай Есенғалиев, Камал Рахметқалиев, Андрей Григорьев, Анатолий Муравьев, Анатолий Севрюгин және Өмірәлиев Ғапу.

[caption id="attachment_39978" align="alignleft" width="520"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал соның ішінде Камал Рахметқалиев Совет Одағының батыры әрі «Даңқ» орденінің толық иегері болуға шақ қалған. Ол 1900 жылы Бақсай ауданында дүниеге келген. Қызыл Армияға 1942 жылдың 1 тамызында Гурьев аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Ұлы Отан соғысында 134-атқыштар дивизиясының 738-атқыштар полк құрамында атқыш, санитарлық нұсқаушы болған. Аға сержант Камал Рахметқалиев  Камал Рахметқалиев соғыстағы 10 ай ішінде 4 орден, 1 медальмен марапатталған.

Айтар болсақ, «Жауынгерлік Қызыл Ту», 1-дәрежелі «Отан соғысы», екі рет 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін иеленген. Тіпті майдангер Совет Одағының батыры атағына ұсынылған болатын.