Қордайдағы қақтығыс: Жаппай тәртіпсіздікке себеп болғандар сотталды
Қордайдағы қақтығыс: Жаппай тәртіпсіздікке себеп болғандар сотталды
ІІМ
228
оқылды
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылық жасады және қарт адамның денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған әке мен ұлға үкім шығарылды. Олардың әрекеті кейінірек жаппай тәртіпсіздікке себеп болған, деп хабарлайды zakon.kz.ж Сотталушы 27 жастағы Марат Юнху бұзақылық және денсаулыққа қасақана орташа ауыр жарақат салу бойынша айыпталды. 60 жастағы Эрсмане Юнху бұзақылық жасады деп айыпталды. Зардап шегуші Құдашбаевтар отбасы деп танылды. Бұл туралы сот кабинетінде жарияланған үкімде айтылады. Жанжал 5 ақпанда Сортөбе ауылында болған. Тергеу дерегінше, кіші ұл Юнху жолға тұрып алып, ағасы жүк көлігімен ауладан шығуы үшін көлік қозғалысын тоқтатқан. Ал 78 жастағы Төлеген Құдашбаев офтальмологқа қаралуға жолға шыққан. Оны ұлдары апара жатқан. Жолды неге жабасың дегенге Юнху дөрекі жауап беріп, оның ақыры төбелеске ұласқан. Төбелеске араша түсем деген ақсақал Құдашбаевтың өзі іштен соққы алып, сол жамбасы сынған. 24 сәуірде сот Марат Юнхуді кінәлі деп танып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол мерзімін орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтейді. Оның әкесі де кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот әке мен ұлдан 3 миллион теңгеден астам моральдық шығын өндіріп алуға және сот шығындарын өтеуді үкім етті. Ішкі істер министрлігі екі отбасы арасындағы жолдағы жанжал Қордайдағы тәртіпсіздікке себеп болды деп санайды. 7 ақпанда, 19.00-де, Кордай ауданындағы ауылдың шетіне 70-ке жуық ашулы халық жиналды. Жаппай қақтығысқа 300-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 185 азамат жарақат алды, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді. Кейін Жамбыл облысының бас полицейі, Қордай ауданының әкімі және Жамбыл облысының әкімі және оның орынбасарлары қызметінен босатылды. Наурыз айының соңында тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқандарды ұстау жөніндегі арнайы операция жүргізілді. Сол кезде 25 адамды ұсталды, олардың жетеуі бұрын сотталған. Олар Алматыға жеткізіліп, 24-і екі айға қамауға алынды. Күні кеше, 29 сәуірде, ұсталған Бекбол Қибаевтың тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Оны камерадағылар ваннада сол білегі тіліп тасталған күйі тапты. Алдын ала болжам бойынша, ол қан жоғалтудан қайтыс болған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.