1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Тараз қаласының тұрғындары мемлекеттік Туды ілу арқылы ерекше флеш-моб ұйымдастыруда. Әкімдіктің Facebook әлеуметтік парақшасына салынған фоталардан бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары мемлекеттік Туымызды балкондар мен терезе астына ілгенін байқауға болады.
Әлемдік пандемияға байланысты Бірлік үнін орталық алаңға шығып атап өте алмаған қала тұрғындарының бұл ұлттық рәмізімізге деген құрметі мен партиоттық рухы деп бағалау қажет. Әрі бұл тұрғындар тұтас халқымызды бірлік пен ауызбіршілікке шақырып отырғаны анық. Қазір бұл флеш-моб қала көлемінде қарқынды түрде жалғасын табуда.
Саятхан Сатылғанов,Жамбыл облысы