Футбол маусымы қайта жалғасады
Футбол маусымы қайта жалғасады
159
оқылды
Коронавирус пандемия­сына байланысты уақыт­ша тоқтап тұрған чемпио­нат­­­тардың қай кезде жал­­ға­­са­тыны белгілі бола бас­тады. Футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген үздік ли­га­лар­дың көпшілігі жазда қайта жанданып, жанкүйерлері мен жасыл алаңын сағынған футболшылар сүйікті ісімен қайта қауышатын күн жақын. Қазақстан Футбол феде­рациясы мен Кәсіпқой футбол лигасы басшыларының бірік­кен жиынында футболдан бар­лық деңгейдегі Қазақстан бірін­шілігінің қашан жалғасатыны нақтыланды. Алайда  дәл қай күні басталатынына қатысты ешқандай шешімге келген жоқ. Тек спорт шенеуніктері маусым айының ішінде басталатынын алға тартып отыр. ҚФФ-ның бас хат­шысы Азамат Айтхожин, КФЛ президенті Олжас Абраев және департамент жетекшілері жарысты жалғастырудың алдын ала жоспары мен басқа да ортақ жобаларды талқылап, бірлесе шешім қабылдады. Жиында ел біріншілігін жал­ғастырудың екі нұсқасы қарал­ды. Негізгі нұсқасы ретінде бірін­ші­лікті екі айналым бойынша өткізу таңдалды. Қосымша нұсқасы ретінде биылғы доп додасын «күз-көктем» жүйесі бойынша ұйымдастыру жоспарланды. Қа­зақстан кубогы, Бірінші және Екінші лига командалары арасын­да­ғы біріншіліктерді өткізу осын­дай нұсқалар бойынша жүргізіледі. Қазақстан Футбол федера­ция­сының Футзал департа­ментінің директоры Асқар Әбілдаев Instagram желісіндегі тікелей эфир­де біріншілікті алдын ала аяқтау жоспарда жоқ екенін, себебі Чемпиондар лигасына кім бара­тынын анықтау міндеті тұрға­нын айтты. Ал Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин пандемия басталғалы бері Қа­зақстан Футбол федерация­сының жетекшілері ФИФА, УЕФА және ҚКФЛ жетекшілерімен жиі ке­ңесіп отырғанын тілге тиек етті. – Қазақстандық жанкүйер­лерді біздің құрама мен клубтық командалар ойындарының қалай жалғасатыны қызықтырып отыр. OLIMPBET-Қазақстан чем­пионаты мен кубоктық ойын­дар­дың, Бірінші және Екінші ли­ганың кездесулерін өткізу жө­нінде де әртүрлі нұсқалар қарас­тырылуда. Карантин аяқтал­ған­нан кейін ішкі турнирлердің қатысушыларына жарысты жал­ғас­тыру жөнінде хабарлама жі­беріледі. Командалар мен төреші­лер екі апта оқу-жаттығу жиынын жүргізу мүм­кіндігін алады, – дейді ол. Айтпақшы, чемпионат кө­рерменсіз өтеді. Алдағы уақытта үшінші тур матчтарының күнтіз­бесі қайта жасалып, алдағы барлық турдың күндері жаңартылады. Бірінші лига клубтары арасында да чемпионатты бастау жоспар­ланып отыр. Клубтар екі айна­лымнан ойнайды – бір аптада 2 матч, содан кейінгі келесі аптада 1 матч. Екі аптада барлығы – 3 матч өтеді. Осылайша, олар жа­рыс­ты қазан айының соңында аяқ­тамақ. Екінші лига чемпионатына келетін болсақ, жаңа маусымда тур­нирге бірден 22 команда қаты­сады деп күтілуде. Лиганың әкім­шілігі чемпионатты екі конферен­цияға – «Оңтүстік – Батыс» және «Солтүстік – Шығыс» деп бөліп, әр конференцияда 11 командадан тұратын нұсқаны ұсынды. Матч­тарды өткізудің басым нұсқасы жұптастырылған схемаға сәй­кес болады. Бұл жағдайда чемпио­натты 22 қыркүйекте аяқтау­ға болады. Конференция жеңімпаз­дары Бірінші лигаға өту құқығын алады. Қазақстан кубогының ірік­теу ойындарына күнтізбенің тығыз­дығына байланысты Премьер-лигадағы командалар ғана қаты­сады деп күтілуде. Ал УЕФА Чем­­пиондар лигасы мен Еуропа лига­сының іріктеу кезеңіне қаты­са­тын 4 клуб (Астана, Қайрат, Ордабасы, Қайсар) жарысты Қа­зақстан кубогының 1/4 фина­лынан бастайды.  

 Үздік лигалар қандай шешім шығарды?

Әлемдегі үздік чемпионаттар да ішкі біріншіліктеріне қатысты нақты шешім қабылдап жа­­тыр. Ағылшын Премьер-ли­га­сы наурыздың ортасында тоқ­та­тылып, мамырдың басында жал­ғасады деп жоспарланған. Бірақ елдегі эпидемиологиялық жағ­дайға байла­нысты чемпионаттың бас­талуы маусымға қалды. Анг­лия­лық басы­лымдардың хабар­ла­уынша, мау­сымның қалған бө­лігі 8 маусымда басталып, 27 шіл­деде аяқталады-мыс. Ал келесі мау­сым 22 тамызда басталады. Бұған дейін командалар 9 мамыр­дан бастап жаттығуға ора­латы­ны айтылған болатын. Әзір­ше ағылшын футболының бас­шы­лары чемпионаттың қашан баста­латыны туралы ресми мәлімдеме жасамады. Белгілісі, АПЛ клуб­тары 1 мамырда онлайн жиналыс өткізіп, маусымды жалғастыру мәсе­лесін шешеді. Испания футболы да жаз­дың басында қайта оралады. Испанияның премьер-министрі Педро Санчес таяуда брифинг кезінде кәсіпқой спортшылардың жағдайы туралы айтты. – Кәсіпқой спортшылар 4 ма­мырдан бастап жекелей жат­тыға алады. Спорт саласында жат­тығу орталықтарын гигиена және қорғаныс шараларын сақтап ашу қарастырылған, – деді Санчес. Футболшылар 18 мамырда аз-аздан жаттығатыны, 1 маусымнан бастап толыққанды жаттығуға кіресе алатыны хабарланды. Сондай-ақ Ла Лига басшылығы 5 маусымда чемпионатты кө­рер­менсіз жалғастыратынын хабарлады. Ла Лига президенті Хавьер Тебас футболшылар алаң­ға шығудан бас тартса, жаза­ланатынын айтып отыр. Бір қызығы, Италиядағы Серия А лигасының қашан жал­ғасатыны туралы әлі мәлімет жоқ. Бірақ лига кеңесі чемпионаттың міндетті түрде жалғасатынын ха­барлаған. Ал германиялық dfl.de сайты Бундеслиганың мамырда оралатынын жазды. Daily Mail мәліметі бойынша, Германияда футбол чемпионатын 9 мамырда бастау жоспарланды. Бұл футбол жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық болды. Жоспар бойынша стадионға тек 300 жанкүйер ғана кіре алады. Футболшылар ойын алдында командалық суретке түспейді, қол алыспайды. Әр футболшының жеке бө­телкесі болады. Ойыннан кейін командалар стадионнан әртүрлі уақытта кетеді.  

Бірқатар чемпионат мерзімінен бұрын аяқталды

Франция билігі қыркүйекке дейін спорттық шараларды өт­кізбеу туралы шешім қабыл­дады. Францияның премьер-министрі Эдуар Филипп Ұлттық жиналыста 2019-2020 жылғы спорт маусымы аяқталғанын хабарлады. Сол се­бепті футболдан Франция чемпионаты орта жолдан тоқ­та­тылды. Франция футбол феде­ра­циясының президенті Ноэль Ле Гре де елде футбол мау­сы­мы аяқталғанын растады. Чем­пионатының бітуіне әлі 10 тур бар болатын. Енді келесі мау­сымда Чемпиондар лигасында ПСЖ, «Марсель» мен «Ренн» өнер көрсетеді. Ал «Лилль» мен «Реймс» Еуропа лигасына жолдама алды. Франция чемпионаты Еуро­пада футбол маусымын орта жол­дан аяқтаған алғашқы чем­пионат емес. Бұдан бұрын Ни­дерланд чемпионаты маусымды аяқтайтынын хабарлаған. Чем­пионаттың 25-турынан соң көш басындағы қос команда «Аякс» пен «АЗ Алкмаар» ке­лесі маусымда Чемпиондар лига­сын­да ойнайтын болды. Одан кейінгі орындарға жайғасқан «Фейеноорд», ПСВ мен «Виллем ІІ» Еуропа лигасында бақ сы­найды. Бұдан бөлек, футболдан Мек­сика мен Аргентина чемпионаты да мерзімінен бұрын аяқталды. Өзге де мемлекеттерде футбол мау­сымын жалғастыру немесе жал­ғастырмау туралы нақты шешімдер қабылданып жатыр. Олар алдағы уақытта ресми түр­де жарияланады. Ал біз үшін ең қуаныштысы Қазақстан фут­болының жанкүйерлермен қайта қауышуы болды.  

 width=   Абылайхан ЖҰМАШ