Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың экс-депутаты Дариға Назарбаеваға алғыс айтты.
«Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Дариға Назарбаеваның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтаған болатын.