Түркістан облысында коронавирус  жұқтырған адамдар туралы мәлімет белгілі болды
Түркістан облысында коронавирус  жұқтырған адамдар туралы мәлімет белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
264
оқылды
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат белгілі болды. Қазығұрт ауданының 1997 ж., 1994 ж., 1973 жылғы және 1957 жылғы тұрғындарының COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар скринингтік зерттеу барысында Сарыағаш ауданының 1993 жылғы тұрғынының да коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны  134-ке жетті.