COVID-19: Төтенше жағдай режимі шілденің соңына дейін созылмақ
COVID-19: Төтенше жағдай режимі шілденің соңына дейін созылмақ
Фото: Интернеттен алынды
303
оқылды
Франция билігі төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзартпақ, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, құжат келесі аптада парламентте мақұлданса, карантин мерзімі тағы екі айға созылады. Соған қарамастан, кейбір шектеулер алынады. Мысалы, мамырдың 11-інен бастап ел тұрғындары сыртқа тиісті анықтамасыз шыға алады. Сонымен қатар вирус көп таралмаған өңірлерде бастауыш сынып оқушылары үшін мектептер ашылатын болды. Қоғамдық көлік пен адам көп жиналатын жерде халық міндетті түрде маска тағып жүруі керек. Елге келген әр азамат оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс. Бүгінде Францияда 24760 адам коронавирустың жаңа түрінен көз жұмды. Ал дертке шалдыққандардың саны 130 мыңнан асты.