Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр
Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
379
оқылды
Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы президенттік сайлау өткізуге дайындалып жатыр, – деп жазады euronews.com-ға сілтеме жасаған «Қазақпарат». Бақылаушылардың айтуынша, қазіргі президент Анджей Дуданы сайлаушылардың шамамен 60% қолдауға дайын. Президент лауазымына алты кандидат үміткер болып отыр. «Құқық және Әділеттік» басқарушы партия көшбасшысы Ярослав Качиньскийдің тапсырмасы бойынша дайындалған пошта арқылы дауыс беру рәсімін Польша сеймі сәуір айының басында мақұлдаған еді. Таяу арада қашықтан дауыс беру туралы заң жобасын сенат қарауы тиіс. Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий сырттай дауыс берудің қауіпсіз екендігі туралы мәлімдеді. Сенаторларды осы ұсынысты қолдауға шақырды. Пошта арқылы дауыс беруге елдің бірқатар бұрынғы президенттері мен премьерлері, соның ішінде Дональд Туск қарсы екенін мәлім етті. Ал Еурокомиссия Польшада сайлаудың еркін және әділ өтетініне сенім артты. Дегенмен соңғы әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, егер сайлау 10 мамырда өткізілетін болса, онда сайлаушылардың 30% ғана дауыс беруі мүмкін.