Коронавирустан көз жұмғандардың көбінде «Д» дәрумені жетіспейді
Коронавирустан көз жұмғандардың көбінде «Д» дәрумені жетіспейді
© svetlana-shtein.livejournal.com
245
оқылды
Коронавирустан көз жұмғандардың көбінде «Д» дәрумені жетіспейді, деп хабарлайды Almaty.tv. Елизавета ханшайым қоры мен Шығыс Англия университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасады.Мамандардың зерттеу жұмыстары «Research Square» журналына жарияланған. Мәлімдеме де Еуропаның 20 елінде КОВИД-19-дан мерт болғандардың басым көпшілігінде «Д» дәрумені жетіспеген депті. Аталған витаминнің аздығы  өлімге әкеп соғады. «Д» дәрумені әсіресе Италия, Испания және Швейцария азаматтарында жетіспейді. Сонымен қатар, коронавирустан өлген қарт кісілерде бұл дәрумен жоқтың қасы. Қазір ғалымдар биологиялық белсенді заттар арқылы аурудың алдын алу шараларын қолға алған. Еске салайын, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сай, әлем бойынша коронавирус инфекциясына 3 миллионнан астам адам шалдыққан. 230 мың науқас көз жұмды.