Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК БҚО филиалы.
6 мамыр күні кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Орал қаласында да күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.