Шаштаразға әйелден гөрі ерлер көп келуде
Шаштаразға әйелден гөрі ерлер көп келуде
405
оқылды
4 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде бірқатар кәсіпкерлік субъектінің жұмысы жандана бастады. Елордадағы киім-кешек дүкені, шаштараз, сақтандыру, ломбард, тіс емханасы және гүл сататын орындардың жұмыс күні қалай өтіп жатқанын біліп қайттық. [caption id="attachment_41617" align="alignnone" width="1024"]салон ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сарыарқа 24 көшесінде кішкене ғана Gents ерлер салоны  орналасқан. Сыртында жұмыс уақыты  сағат 10.00-22.00 дейін деп көрсетілген. Шағын салонда екі шаштаразшы жұмыс істеп жатты. Әкімші қыз адамдарды тек жазылу бойынша қабылдайтынын жеткізді. [caption id="attachment_41620" align="alignleft" width="465"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] –Карантинге байланысты қазір жұмыс уақыты кешкі алтыға дейін қысқартылды. Міндеттелген барлық қажетті сақтандыру шараларын сақтап отырмыз. Жұмыс қалыпты жағдайда жүріп жатыр. "Кезекке тұрып қаламын-ау" деп 2-3 күн бұрын жазылып қойып жатқан адамдар аз, – дейді  салон иесі Төреғали Сейітов. Бұл салонда шаш алдыру – 2000 теңге. «Жұмыс жүрмей, тоқтап қалғанда біраз шығынға баттық. Бірақ әзірге баға сол қалпында» деді ол.

Келесі Сәкен Сейфуллин 6 көшесіндегі «Стиль» сұлулық салонында  жұмыс қызу жүріп жатты. Иесінің айтуынша, кешегі күнде әрбір шеберге 6 адамнан шаш алдыртты. Ал шеберханда 10-нан аса қызметкер бар. Бүгінде біреуі қол қусырып, бос тұрған жоқ. Бірінің шашын алып бітсе, екіншісі алдыртуға дайын тұр. Тағы екі-үшеуі кезегін күтуде. Мұндағы баға 700 теңгеден басталады екен.

[caption id="attachment_41622" align="alignnone" width="941"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] – Әрине, келіп жатқан адамның көптігі байқалады. Осы екі күннің ішінде көбіне әйелдерден гөрі ер адамдар келуде. Клиенттерді жазылу бойынша қабылдап жатырмыз. Алайда біздің халықтың менталитетінде алдын ала жазылып қою жоқ қой. Біздікілер дүкенге бара жатып, есіне түсіп, кіре салады. Әлі де сол үрдіс сақталған, – деді салон иесі Мершат Нұрмаханова.  width=Оларда да жұмыс уақыты сағат 10.00-нан басталып, кешкі 18.00-ге дейін екен. Мершат Нұрмаханованың айтуынша, әзірге қоғамдық көліктердің қосылмауынан қызметкерлері таксимен жүруде. «Оның өзі салмақ. Мендегі қызметкерлерде тұрақты бекітілген айлық жоқ. Әр клиенттен пайызын алады. Ал ол көп те ақша емес. Оған қоса, салық  төлеу уақытша тоқтағанымен одан босатылған жоқпыз. Оны өтеуің бар, несиені жабу тағы бар. Әйтеуір, істеп жатырмыз» деген ол қызметкерінің үшеуі 42 500-ден алмағанын жеткізді. [caption id="attachment_41629" align="alignnone" width="874"]ломбард © Айтжан Мұрзанов[/caption] – 42 500 теңгелік қолдау қызметкерімнің барлығына берілмеді. Ондай ақшаны қалтамнан бергенге өзім де жұмыссыз қалдым. Ал туыстарымның арасында қатты мұқтаждық етпегендер де алды. Сонда оларға қандай жүйемен беріп отырғанын түсінбедім, – деді ол. [caption id="attachment_41630" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] «Zoloto Ломбард»-та алтын өткізуге ағылып келіп жатқан адам жоқ. Ал өткізген алтынның уақыты өтіп, ақысы өсіп кеткендердің қарасы көп. Олардың арнайы офиске келіп, арыз жазып, үстеме ақысын төлеп кетуі міндеттелген. Жай ғана уақытын создыруға төлемақыны онлайн қабылдай береді. [caption id="attachment_41634" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] – Карантин кезінде тек бір филиал істеді. Онда да барлық төлемақыны онлайн қабылдады. Бұл қызмет әлі де жұмыс істейді, – дейді менеджер. Олардың жұмыс істеу уақыты кешкі беске дейін қысқартылыпты. Наурыздың 20-сында жабылған Cotton киім-кешек дүкені де ашылды. «Киім-кешек дүкендері ашылатынын екі күн бұрын естідік. Кеше дүкеннің ішін жинадық. Биыл карантинге байланысты жаңа маусымның тауарлары келе алмай қалған, енді біртіндеп келе бастайды», - дейді дүкен желісінің әкімшісі Гүлжанат Қамбарова. [caption id="attachment_41636" align="alignnone" width="729"]тіс © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Ал қала ішіндегі тіс емханасының бірнешеуі сұрағымызға жауап беруден бас тартты. Олардың айтуынша, Денсаулық сақтау департаментінің рұқсатынсыз ешқандай мәлімдеме бермейтінін айтты. Бірақ жұмыстарының іске қосылып, адамдарды алдын-ала жазылу бойынша қабылдап жатқанын жеткізді. Байқағанымыз, бәрі сақтық шараларын ұстануда.