Евгений Комаровский коронавирусқа байланысты жұмыс берушілерге кеңес берді
Евгений Комаровский коронавирусқа байланысты жұмыс берушілерге кеңес берді
telegraf.in.ua
225
оқылды
Дәрігер Евгений Комаровский карантиннен кейін СOVID-19 вирусын жұқтыру төмендету үшін кеңселердің жұмысын қалай ұйымдастыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Lenta.ru. Оның айтуынша, егер қызметкерлер офиске келіп, жұмыс істеп жүрсе, коронавирус жұқтыру қаупін жою мүмкін емес. Алайда дәрігер қауіптің алдын алу үшін бірнеше кеңес берді.
Евгений Комаровский жұмыс берушілерге алдағы уақытта қызметкерлерді кеңсеге баруға мәжбүрлемеуге кеңес берді. Бұл 60 жастан асқан азаматтар мен гипертония немесе семіздік ауруына шалдықтандарға қатысты.
"50 жасқа дейін азаматтар жұмыс істей алатыны анық", - дейді дәрігер Youtube желісінде.
Ол кеңседе бір адамға кемінде 8 шаршы метр, ал үстелдердің арасы кемінде 2 метр болуы керегін атап өтті. Сондай-ақ, дәрігер  кеңседегі ылғалдылық пен температураның оңтайлы болуын әрі ондағы ауа алмасудың дұрыс болуын қамтамасыз ету керегін айтты. Сонымен қатар Евгений Комаровский дәретхана бөлмелерін дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл бөлмелер мүмкіндігінше адам қолымен заттарды аз ұстайтындай етіп жабдықталуы керек. Дәрігер қызметкерлерді коронавирусқа тексеруді және ғимараттың кіреберісінде қызу өлшегіш құралын орнатуға кеңес берді. Оның пікірінше, бұл -міндетті емес шара. Бірақ вирустан сақтануға септігін тигізеді.