Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн брифингте белгілі болды.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағсы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жеткенін айтты.
Сондай-ақ алты адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
"Оның жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында. Бүгінде 1279 науқас жазылып, үйіне жіберілді. Стационарда 2897 сырқат емделіп жатыр. Олардың 85 пайызы қалыпты, 14 пайызы орташа қалыпты жағдайда және 25 науқастың жағдайы ауыр. Ал 6 науқас өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Сұлтанғазиев.