Қазір әлемде коронавирус индустриясы қарқынды дамып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онлайн қызметтер мен қорғану заттарын жасап шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Мәжбүрлі оқшаулау адамдарды табыс табудың жаңа жолын іздеуге және ғалымдарды тың зерттеулер жасауға итермелеуде.
Коронавирус пайда болғанға дейін өнеркәсіп емдік косметика шығарумен айналысқан. Індет зауыттың жұмысына қатты әсер ете қоймағанмен зертхана басшысы Леонид Лурьені тың ойларға жетеледі. Екі академиялық дәрежесі бар химия маманы адамдардың вирустан түрлі зарарсыздандырғыш арқылы қорғанып жатқанын көреді. Олар сөз жоқ тиімді.
Бірақ оның қорғау қасиеті 5 минуттан әрі созылмайды. Осылайша ғалым қолды медициналық қолғаптан кем қорғамайтын крем ойлап табады.
Бұл крем технологиясының басты мәні онда бактерия мен вирусты жоятын микробөлшектер бар. Бірақ санитайзерден айырмашылығы қолға жаққан спирт алақанды тазартқаннан кейін ұшып кетсе, крем ұзақ уақытқа сақталады.
– Бұл крем немесе гель түріндегі зарарсыздандырғыш теріге жағылған соң 1-2 сағат кетпейді. Яғни ол теріні вирустан ұзағырақ қорғайды. Қазір кремді жасап шығарушылар оны қалай атайтынын әлі шеше алмай жатыр. Ал Израильдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа кремді тексеруге кірісіп кетті. Ал мына бизнес-идеяны киім дизайнері Настя ойлап тапты. Ол індет енді тарала бастағанда, саяхаттан оралып ұшақта маска киюге мәжбүр болады. Бірақ өзге адамдар сияқты дұрыс демала алмай, бетпердеден біраз қиыншылық көреді, - дейді технологияны жасап шығарушы Леонид Лурье.