Жеңіске жол салған қазақ
Жеңіске жол салған қазақ
© Сурет интернеттен алынды.
242
оқылды
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның даңқты ұл-қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Соның арасында Белгород, Харьков пен Красноград қалаларын қорғауда сержант Байзулла Тасыбаев та жерлестерімен бірге күрескен. Ол Краснодардың өзінде 2 танкілі пулемет, бір танкіге қарсылық көрсететін зеңбірек пен сансыз жаудың жер жастандыртты. Байзулла Тасыбаев Днепр өзенінің кішкене ғана аралшыққа малтып өтіп, жауды атуға қолайлы орынға бекініп, қарсыластың 12 рет жасаған танкілі шабуылына тойтарыс берді. Сол үшін де «Қызыл жұлдыз» мен ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Әскерге 20 жасында келген бала, 1622 жылы Солтүстік Қазақстанның тумасы еді.