Brent маркалы мұнайдың бағасы 7,1% өсті
Brent маркалы мұнайдың бағасы 7,1% өсті
© сурет интернеттен алынды
183
оқылды
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерсі 7,1% өсіп, баррелінің құны $31,82 болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Мәскеу уақытымен 13:45-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай бағасының өсімі сәл саябырсып, баррелі 31,69 доллардан (+6,6%) сатылды. Өз кезегінде WTI маркалы мұнай бағасы 6,8% өсіп, баррелі 27,35 доллардан сатылды.