Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы туралы үш министрліктің бірлескен бұйрығының мерзімі аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес енгізілген төтенше жағдай аяқталды.
«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы күшін жойды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бойынша қолданыстағы құралдар пайдаланылады», делінген хабарламада.