Алматы облысында 4 жасар бала велосипед теуіп жүріп, жоғалып кеткен
Алматы облысында 4 жасар бала велосипед теуіп жүріп, жоғалып кеткен
© Сурет ғаламтордан
458
оқылды
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері өз үйін таба алмай, жылап жүрген баланы кездестірген. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары сәбиді тыныштандырып, аудандық полиция бөліміне алып келген. Ол жерде оны шаймен, тортпен тамақтандырып, артынша ата-анасын іздестіруді ұйымдастырған. Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.
«Нәтижесінде біз баланың 29 жастағы анасын таптық. Төрт жасар бала велосипед теуіп жүріп, ата-анасынан алысқа кетіп қалғаны анықталды. Бала үйінің орналасқан жері мен ата-анасының есімдері туралы еш нәрсе айта алмады. Дегенмен, патрульдік полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтады. Бұл орайда, ұлын іздестіре бастаған ана да сәбиі мен біздің қызметкерлерімізді көріп, қатты қуанды»,- дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Тегенбаев.