Министрдің уәдесі орындалмай қалуы мүмкін бе?

Министрдің уәдесі орындалмай қалуы мүмкін бе?

Жақында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов отставкаға кетуге дайынмын деп мәлімдеді. Бұған министрлікке қарасты департамент басшысы Асланбек Жақыповтың парамен ұсталуы себеп болған.

Осы министрлікте он жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан шенеунік экономикалық зерттеу институ­тын­дағы танысына мемлекеттік тендерді жеңіп беремін деп уәде етіпті. Сол уәдені орындау үшін жарты миллион теңгені қалтасына басқан деген күдік бар. Қарамағындағы қызметкердің дәл мұндай дауға ілігуі – министр отставкасына себеп болатын секілді. Бұл ретте Дәленовке дәл мұндай батыл шешімі үшін «бәрекелді» деп те қоюға болатын сияқты. Себебі, осы­ған дейін ешбір министр қызмет­керінің кінәсі үшін жылы орынтағы­мен қоштасқысы келе қоймайтын. Дегенмен бұл жолғы айтпағымыз жемқорлық турасында емес. Ми­нистрдің азды-көпті уәделері жайын­да. Егер жас министр отставкаға кетер болса, оның қандай уәделері аяқсыз қалуы мүмкін?

Ақпан айында министр коммунал­дық қызметтер тарифінің төмендеуіне байланысты батыл пікір айтты. «Тарифтерге қатысты айтар болсақ, кеше өзім пошта жәшігінен түбіртек алдым. Әлі қараған жоқпын, жай ғана айтып өтейін. Электр қуаты бойынша тариф 15,32 теңге болса, енді 10 па­йыз­­ға төмендеп, 13,89 теңгені құрап отыр. Бұл Астана бойынша. Жылу 3 097 теңге еді, енді – 2 788 теңге. Менде бәрі 10 пайызға төмендеген. Егер олай болмаған жағдайда, тікелей маған хабарласыңыздар. Мәселені өзім бақылауға аламын» деген еді Үкімет кулуарында.

Сол айда министр еліміз бойынша жәрдемақының жаңа мөлшерін де жария етуге уәде берді. Яғни, бұл – көп­балалы аналарға арналған жәрдем­а­қы­ның көбеюіне қатысты әңгіме. «Қазір арнайы жұмыс тобы есептерді дайындап жатыр, жақын арада көлемі жарияланады. Мен қазіргі жәрдемақы көлемі жеткіліксіз деп ойлаймын» деп мәлімдеген болатын.

Үшінші уәде – экономикалық өсімнің артуы үшін экономиканы несиелеуді күшейту туралы. «Эконо­миканың сапалы өсуі – азаматтардың сапалы өміріне әкеледі. Бұл – негізгі мақсатымыз. Ол үшін бізде тамаша мүмкіндіктер, қажет құ­ралдар бар. Қазіргі таңда кедендік, салықтық, бюджеттік және инвести­циялық саясатты қадағалай аламыз. Мұның бәрін экономикалық өсім үшін жасаймыз» деген еді Үкімет оты­ры­сында.

«Бизнестің жол картасы» бағдар­ламасы жұмыс істеп тұр, экспортты қолдауға бағытталған – 500 млрд, өңдеуші секторды қолдауға арналған 600 млрд теңге бар. Бизнестің дамуы үшін әр тиын тиімді жұмсалуы керек» деп мәлімдеген. Бұл – оның ақпан айында айтқан сөзі. Өкінішке қарай, жас ми­нистрдің жалынды сөздерінің іске аса жөнелуі де оңай шаруа емес. Азия даму банкінің сәуір айындағы есебіне сүйен­сек, мұнай бағасының арзандауына байланысты Қазақстан­дағы эконо­мика­лық өсім де баяу­лай­ды. Олардың дерегінше, 2018 жылы қол жеткізген 4,1 пайыздық меже биыл 3,5 пайызға, ал 2020 жылы 3,3 пайыз­ға төмендейді. Инфля­ция­ның ор­таша деңгейі 6 пайыз межесінде қала бермек.

Министрдің тағы бір ғажайып уәдесі – еліміздегі бай мен кедей арасындағы ара-жікті жою жайында. «Бай мен кедей мәселесі – елімізде бар проблема. Жақында ғана ми­нистрліктегі қоғамдық кеңесте осы мәселені күн тәртібіне енгіздік. Бұл – салық, инфляция секілді түйт­кілдерді бір бойына тоғыстырған елеулі мәселе. Біз оны шешуге тыры­самыз» деген еді министр.

25 ақпанда вице-министр лауа­зымынан министр лауазымына та­ғайындалған сәтте Руслан Дәленов елдің азық-түлік нарығындағы ба­ғамен күресетінін жария еткен. Онда ол Үкімет жиынына қияр мен қы­занақтың суретімен келіп, журналис­терді таңғалдырған. «Біз соңғы екі жылдағы динамиканы қарадық. Наурыз айында, ақпан айынан сәуір­дің ортасына дейін қияр, қызанақ секілді тауарлар қымбаттап кетеді. Осы мәселемен белсенді айналыса­мыз» деген. Министрдің бастамасы бойынша енді еліміздегі супермаркет пен шағын дүкендердің кіреберісіне азық-түлік бағасы жазылған қағаздар ілініп қойылмақ. Министр кәсіпкер­лерді осыған міндеттейміз дейді. Оның сөзінше сонда ғана тұрғындар бағаларды салыстыра отырып, арзан дүкендер қызметін тұтына алады. Дәленов бұл тәсілді қымбатшылықтан құтылатын бірден бір тәсіл ретінде көреді. Бұл әдіс өтімді болуы үшін әрбір сауда үйі бекіткен азық-түлік құны министрліктің сайтында жария болмақ. Кейіннен қағазға жазылып, сауда орындарының қасбетіне ілінеді. «Сауда үйіне келген тұрғындар азық-түлік бағасын көріп, таңдау жасай алады. Бұл қымбатшылыққа жол бермейді. Өйткені бизнесмендер бір-бірімен бәсекелесіп тауар құнын арзан етуге тырысады. Бұл – Еуропада бар тәжірибе» деді министр. Алдағы уа­қытта азық-түлік бағасы аспанға ұша ма, әлде бұл министрдің арзан попу­лизмі болып қала ма, оны да уақыт көрсетер.

25 ақпанда вице-министр лауа­зымынан министр лауазымына та­ғайындалған сәтте Руслан Дәленов елдің азық-түлік нарығындағы ба­ғамен күресетінін жария еткен. Онда ол Үкімет жиынына қияр мен қы­занақтың суретімен келіп, журналис­терді таңғалдырған.


Мамыр айында Ұлттық экономика министрлігі ел азаматтарының жыл соңына таман өз шоттарын телефон арқылы төлеуге мүмкіндік алатынын жария етті. Дәленовтің айтуынша, Ұлттық банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба жасап шыққан. «Қазір жобаға 3 банк қатысып жатыр. Жыл соңына дейін банк саны 10-ға жетеді» дейді министр. «Онлайн-сауданы ынталан­дыру мақсатында 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері жасалады. Қазірдің өзінде оны алуға түрлі бизнес субъектілерінен 509 тапсырыс түсті» дейді Дәленов.

Министрдің берген тағы бір ерекше уәдесі – Астана экономикалық форумын өткізу үшін бюджеттен бөлінетін қаржы көлемін қысқарту. Біз өзі түрлі форум мен жиын өткізуге аса құштар, ол үшін қазына қаржысын қисапсыз жұмсап жі­беруден тайынбайтын мемлекетпіз. Бұл тұрғыдан алғанда Дәленовтің осынау уәдесі халықтың қолайына жаққан сияқты.

Мұндай сүйекті уәделер іске асып жатса, онда Дәленов Қазақстан тари­хындағы ең бір сүйкімді, айтқанын орындайтын абыройлы министр ре­тінде қалмақ. Бірақ отставкаға кетсе, онда орнына келген басшы бұл жобаларды жүзеге асыра ма, әлде тың бастамаларға кірісе ме, әзірге беймәлім. Бізге қызық болып отыр­ғаны Дәленовтің қарамағындағы адамның қылығы үшін қызметінен кетуге дайын екені. Мұндай жағдайлар біздің Үкімет тарихында өте көп кездесті. Бірақ қызметкерім пара алды екен деп қыңқ еткен министр көр­медік. Мәселен, өткен жұмада Ұлттық тестілеу орталығының екі бірдей директоры (бұрынғы және қазіргі) пара алу айыбымен тұтқындалды. Бірақ Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова бұған бола қызметімнен кетпеймін дейді. Оның айтуынша, күдікке ілінген басшылар­дың әрекеті Шәмшідинова министр болып тағайындалғанға дейін бас­талған. Мұндай жағдай Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың да басынан өткен. Былтыр қараша айында Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Шкарупа 215 млн теңге жымқырды деген айып­қа ілінген кезде ведомство басшысы: «Мен ештеңе білмеймін. Мұны бі­рінші мәрте естіп отырмын. Бұл мә­селе 2015 жылы болған екен. Ал ол біздің жұмысқа бір ай бұрын ғана келді» деп жауап берген. Кейін елде бензин бағасы шарықтап, министрлік оны бағындыра алмаған кезде де министр қызметінен кеткісі кел­мейтінін ашық аңғартты. «Президент қалай айтса солай істеймін. Проблема бар, біз оны тез арада түзеп, халықтан болған жағдай үшін кешірім сұ­рауымыз керек. Бірақ мұның да өз себептері бар» деп құтылған болатын. Қаншама дауға іліккеніне қарамастан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мәдина Әбілқасымова да жылы орынтақтан өз еркімен кеткен жоқ. «Әрине, біздің министрлік қоғамның әркез аса ауыр проблемаларымен бетпе-бет келеді. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобын үнемі қорғап, қамтып келеміз. Қызмет жолында сын да естіп жатамыз. Ең бас­тысы – осы сыннан біздің қоры­тын­ды шығаруымыз, жағдайды тү­зеуге ұм­тылуымыз, мемлекеттік сая­сатты жүзеге асыру жолында шаралар қабыл­дауымыз маңызды» деген еді журна­лис­тер сауалына жауап беру кезінде. Бұ­рынғы Ішкі істер министрі Қал­мұхан­бет Қасымов та қарша бораған сынның астында емін-еркін тұра беретін шенеуніктер қатарынан болды. «Өкінішке қарай, соңғы кез­дері ІІМ, әсіресе полиция қатаң сынға жиі ұшырауда. Көп ретте айтылып жатқан сын өте әділетті. Біз мұнымен жұмыс істейміз, қоғамнан жасырмай­мыз. Министрлік БАҚ-тағы мақала­ларға әркез мониторинг жасап оты­рады» деп айтқан 2018 жылдың қыркүйек айын­дағы брифингте. Сондықтан Дәленов­тікі ерлікке пара-пар іс болмақ. Бұл тұрғыдан алғанда ол тарихта берген уәделерін орын­дамаған басшы емес, қызметкерінің қылығы үшін отстав­каға кеткен бас­шы ретінде сүйкімін сақтап қалуы да ғажап емес.