Сарбаздар бөлімдеріне қайтып жатыр
Сарбаздар бөлімдеріне  қайтып жатыр
5,216
оқылды
Төтенше жағдай кезін­де түрлі шараға тартылған жауынгерлер мен әскери техникалар өз бөлімдеріне қайтатын болды. Алайда аймақтық қорғаныс әс­кер­­лері мен арнайы жиын­ға шақырылғандар қыз­мет­терін жалғастыра береді. Қорғаныс министрлігі та­ратқан хабарламада: «Қазақстан Қарулы Күштерінің блок-бекет­терінде күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және па­труль­деу бойынша кезекшілікке тар­тылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты ор­наласқан пункттеріне оралады. Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күште­рімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады. Бұл ретте арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндет­терін бұрын бекітілген мерзім­дерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәй­кес орындауды жалғасты­ра­ды» делінген. Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бас­тап әскерилерге режимді қамтама­сыз ету және вируспен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүр­гізіп, блок-бекеттерде және ­па­трульдерде қызмет атқарды.  

Аманкелді ҚҰРМЕТ