Қытайда жер сілкінді
Қытайда жер сілкінді
Фото: Интернеттен алынды
235
оқылды
Алматыдан 457 км қашықтықта жер сілкінді. Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамырда Алматы уақытымен 03 сағат 09 минут 14 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 457 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0, магнитудасы – 5.1. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.