4 күн бойы жоғалған жасөспірімді полицейлер даладан тапты
4 күн бойы жоғалған жасөспірімді полицейлер даладан тапты
5,640
оқылды
Қызылқоға ауданы Миялы селосында 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, таптырмай қойған. Отбасы мүшелері атасына кеткеніне сенімді болғанымен олай болмай шықты. Күндіз далалда, түнде достарының үйіне қонып төрт тәулік бойы отбасы мүшелерін уайымдатып қойған жасөспірімді полиция қызметкерлері далалықтан тапты. Миялы тұрғыны 15 жастағы ұлының үйінен шығып кеткенін, тіпті атасына да бармағанын айтып аудандық полиция бөліміне келген. Хабарсыз кеткен жасөспірімді іздеуге округтердегі полиция бөлімшелерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Топ-топ болып бөлінген сақшылар ауданның ауыл-селоларын, далалық жолдарды түгел шарлапты. Көп ұзамай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, капитан А.Сарсенғалиев, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция майоры Б.Байжан, Патрульдік полиция аға инспекторы полиция капитаны Ж.Аманжолов, анықтаушы полиция лейтенанты О.Еламан, жедел уәкіл полиция капитаны Ш.Наурызғалиев жасөспірімді Миялыдан 4-5 шақырым жердегі далалықта, ауылға апаратын жол бойынан тауып, анасына тапсырды. Анасының айтуынша, ұлының үйде жоғына алғашқыда мән бермеген, атасына кеткен болар деп ойлаған. Өйткені, бұрын да үйдегілерге айтпастан, аудан орталығынан 100 шақырым жердегі «Қарабаудағы» атасының үйіне жиі кетіп қалатын. Бұл жолы да солай болар деп ойлаған. Бірақ атасы оның келмегенін айтады. Анасы ұлынан төрт күн бойы хабар болмаған соң полицияға жүгінген. Ювеналды полиция тобының инспекторлары, арнайы психолог мамандар баламен сөйлесіп, дәрігерлер баланың денсаулығын, дене жарақаттарының бар жоғын тексерді. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Баланың айтуынша, үйінен шығарда жылы киімін, асылмалы сөмкесіне азық үшін тамағын да алып шыққан. Күндіз далалықта «серуендеп», түнде таныс достарының үйілеріне қонып жүріпті.

Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы.