Алматы облысында овчарка өзінің иесін талап тастады
Алматы облысында овчарка өзінің иесін талап тастады
© Сурет ғаламтордан
251
оқылды
Алматы облысында кавказ овчаркасы өзінің иесіне тап беріп, 43 жастағы әйел қолсыз қалды. Қазір Жанна есімді әйелдің сол қолын шынтағынан төмен кесіп тастады. Қазір ол Қаскелеңдегі ауруханада ем алып жатыр. 43 жастағы әйелдің жолдасы Сергейдің айтуынша, әйеліне кавказ овчаркасы тап берген. «Итті асырағанымызға бір жылдай уақыт болған. Бұл сұмдық оқиға болғанда өзім үйде болмадым. Әйелім итке су бермек болғанда, оған ит тап берген. Иттің салмағы шамамен 80 келідей, ол өте ірі. Қазір жолдасымның аман қалғанына шүкір етіп отырмыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Сергей. Ал Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілінің айтуынша, ит науқастың қолын қатты талағаны сонша кесуден басқа амал қалмаған. «
Жарақаттың ауыр болуына байланысты науқастың қолы шынтағынан төмен кесілді. Қазір оның жағдайы қалыпты. Емін Қаскелеңдегі ауруханада қабылдап жатыр», - ведомствоның өкілі Ләйлім Әубакирова.