Қазақстанда көбінесе қандай көлікті сатып алады?
Қазақстанда көбінесе қандай көлікті сатып алады?
Фото: Интеренттен алынды
304
оқылды
Жыл басынан бері елімізде ең көп сатылған көлік брендтері анықталды. Биыл жыл басынан бері Қазақстанда ресми дилерлер 18 мыңнан астам жаңа көлік сатты. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының хабарлауынша, көлік сатып алуға былтырға қарағанда сұраныс азайған. «Аталған кезеңде ресми дилерлер 18 368 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,7 пайызға төмен. Қаңтар-сәуір айларында қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 169,3 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 4,9 пайызға аз болды» делінген хабарламада. Көлік сатып алушы 11 709 адам (63,7 пайызы) отандық зауыттардың өнімі бойынша өз таңдауын жасаған. Биыл төрт айда сатылған 6 65 автомобиль (36,3 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр. Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (3711 көлік), Hyundai (3171), Toyota (2877 ), KIA (1952) және Ravon (1890) маркалы көліктері көш бастады. Сондай-ақ Renault (812 көлік), GAZ (664), Nissan (659), Volkswagen (516) мен UAZ (412) көліктеріне сұраныс бар.