Алты баланың туысы табылмай жатыр
Алты баланың туысы  табылмай жатыр
226
оқылды
Алматыда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жатқан алты баланың ата-анасы мен туыс­тары іздестіріліп жа­тыр. Олардың үшеуі нау­рыз айының басында, қал­ған үшеуі карантин ре­жимі басталғанда орта­лыққа жеткізіліпті. Бірақ ешқайсысының құжаты жоқ. Қай жерде дүниеге келді, туысқандары кім, ол жағын еш­кім білмейді. Енді түрлі сұрау са­лып нәтиже шығара алмаған орталық қызметкерлері көпші­ліктен көмек сұрап отыр.
– Орталықта 31 бала бар. 6 баланың құжаты жоқ. Кімде-кім осы балаларды танып жат­са, бізбен хабарласса деп сұрай­мыз. Өйткені балалардың айтуымен еш мәлімет ашылмай тұр, – дейді Алматы қалалық кәмелетке тол­мағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқа­рушы Раиса Сейполдаева.
Қызметкерлердің айтуынша, жан-жаққа қанша сұрау салға­нымен, нәтиже шықпаған. Алты баланың алды 15 жаста болса да, ешбірі әлі күнге дейін мектеп табалдырығын аттап, кітап бетін ашпаған екен. «Тым болмағанда мамамның туыстары табылса екен. Оларды да анам деп айтар едім», – дейді балалардың бірі.  

М.ХАҚНАЗАР