Бұл туралы құқыққорғаушы Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды. Ол Azattyq Rýhy тілшісіне бұл ақпаратты растады.
«Егер біреулерге коронавирус инфекциясының бар екеніне сену үшін туыстарының бірі ауыру керек болса, мархабат... Зайыбым COVID-19 вирусына тапсырған сараптамасы оң болып шықты. Ол қазір жаңа инфекциялық модулде.
Мен де екі баламмен бірге қалалық 1-ші ауруханадамын. Кеше барлығымыз тест тапсырдық. Қалалық Денсаулық басқармасы талдауларды бүгін аяқтайды деп үміттенемін. Жалпы, оның қорытындысы онсыз да түсінікті. Анамыздың қасына тезірек барғымыз келеді.
Енді ғана ТЖ, 42 500 және 15 000 теңге үшін азаматтар құқығын қорғаудан шаршап, бір тынығамын ба деп ойлап едім. Қатты суық тиіп, жаңа сынақ күтіп тұр екен.
Басыма қарбаласқан тіршіліктің арасында жүру ғана жазылған екен. Жағдайды баяндап отырамын...», - деп жазды ол.
Azattyq Rýhy ақпарт агенттігіне берген сұқбатында Джохар Өтебеков жағдайы туралы айтып берді.
«Жағдайым онша емес, жөтел қатты. Тамағым қатты ауырып тұр, әлсіздік басым. Мен сенбі күні ауыра бастадым. Дүйсенбі күні әйелім мен кіші балам ауырды. Олардың екі күннен кейін жағдайлары түзелгендей болды. Ал менің дүйсенбі кешке жағдайым ауырлап кетті. Қазір бронхит деп диагноз қойды, бірақ пневмонияға айналып кете ме деп алаңдап тұрмын.
Алдыңғы күні зайыбым тест тапсырған, кеше түстен кейін оның нәтижесі оң болып шықты. Ол қазір емделіп жатыр. Алатау ауданындағы жаңа инфекциялық ауруханада жатыр. Ал мен екі баламмен №1 балалар ауруханасындамын. Бірақ біздің тесттердің нәтижесі дайын емес»,- деді Д. Өтебеков.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Джохар Өтебковтің отбасына тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
Джохар Өтебеков Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, елдегі ең атышулы қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушы, блогер.