Нұр-Сұлтанда карантиннен кейін автобустардың жүру кестесі қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram парақшасында.
Бүгіннен бастап автобустар таңғы сағат 06:00-ден бастап түнгі 22:00-ге дейін жүреді. 12 мамыр күні қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталған күні жолаушылар ағыны – 146 907 адамға жетті.
Кеше 14 мамырда тағы екі есеге жуық ұлғайып, 226 000 адамға жетті. Санитарлық-карантиндік режим талаптары күшін жойған жоқ, әлі де қорғаныш маскасын киіп, қашықтықты сақтау міндеттеледі.