Бала асырап алу кезінде берілетін ақшалай төлемді алу жеңілдетілді
Бала асырап алу кезінде берілетін ақшалай төлемді алу жеңілдетілді
© Сурет ғаламтордан
235
оқылды
Электронды үкімет порталы арқылы бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындауға өтініш беру жеңілдеді, – деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы.
«Біз бұл процесті барынша жеңілдетуге тырыстық және енді төлемді алу үшін тек негізгі мәліметтерді енгізу қажет. Тағайындалған төлем сомасы көрсетілген жауап немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түседі. Бұл қызметте бала туралы ұсынылған деректерді, банк шоты туралы деректерді тексеру сыртқы ақпараттық жүйелерден жүргізіледі. Бұл - бұрын болмаған жаңашылдық. Аталған жаңартулар қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты», - деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілген қызметті алу үшін eGov.kz кіріп, «Отбасы» қосымша бетін таңдау керек. Соның «Бала» атты бөлімінде «Жетім баланы және (немесе) ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» көрсетілетін қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Содан соң бала асырап алу туралы сот шешімі туралы мәліметтерді, баланың ЖСН және бала асырап алушының (өтініш берушінің) атына екінші деңгейдегі банкте ашылған жеке шоттың нөмірін енгізу қажет, содан соң қызметті смс-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ облыстар мен облыстық маңызы бар қалаларда көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.