Біртанов: біз коронавируспен күресуді үйрендік
Біртанов: біз коронавируспен күресуді үйрендік
фото: ашық дереккөз
236
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Семейде медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қазақстандық дәрігерлер коронавируспен күресуді үйренгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі қазіргі таңда Семейдің вирус жұқтырғандардың саны ең аз қалалардың қатарында екенін айтты. "Бүгінгі таңда өңірде ауру деңгейі төмен, оның ішінде коронавирус инфекциясы бар. Инфекциямен күресуді үйрендік деп ойлаймыз, ол біз үшін бұрынғыдай қауіпті емес. Вирус қауіпсіз бола бастаған жоқ, керісінше біз оған дайын болып, өзімізді сенімдірек ұстай бастадық. Менің ойымша, біз осы бағытта жұмыс істей береміз", - деді Елжан Біртанов. Айта кетейік, Семей қаласында КВИ пациенттерін анықтау мен емдеуге белсенді қатысқан медицина қызметкерлері марапатталды. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен олар төсбелгі, грамота және алғыс хаттармен марапатталды.