Су тасқыны болған елдімекендерде үй жануарларының өлексесін жейтін шибөрілер көбейген
Су тасқыны болған елдімекендерде үй жануарларының өлексесін жейтін шибөрілер көбейген
фото: ашық дереккөз
507
оқылды
Апат болған Мақтаарал ауданында үй жануарларының өлексесі көбеюіне байланысты шибөрілердің саны көбейген. Бұл туралы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай мәлім етті, –деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы «Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы» №480 бұйрығына сәйкес тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы қаруы әзірленіп, 45 мың теңгеге 300 дана оқ-дәрі сатып алынған. Қазіргі уақытта осы ауылдардағы шибөрінің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олжаланған шибөрілер аудандық ветеринария бөлімшесіне өткізілетін болады.