Су басқан елдімекендерде балық аулауға тыйым салынды.
Су басқан елдімекендерде балық аулауға тыйым салынды.
фото: ашық дереккөз
263
оқылды
Бұл туралы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шәкен Боранбайдың айтуынша, балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген. Бүгінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары су басқан ауылдарда тәулік бойы жұмыс істеуде. Басты мақсат – тұрғындардың балық аулауына тыйым салып, улану фактілерінің алдын алу болып отыр. «Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 3 дана сазанды ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы зертханасына жолдадық. Бұдан бөлек, 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай балығын Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына да жөнелттік. Сараптама қорытындысы алдағы аптада дайын болады. Соған дейін тұрғындардың сарқынды судан балық аулауына тыйым салынады», - дейді Шәкен Боранбай.