Түркістан облысындағы нөсер жауынның себебі туралы хабарлама – жалған
Түркістан облысындағы нөсер жауынның себебі туралы хабарлама – жалған
фото: ашық дереккөз
317
оқылды
БАҚ-та 2020 жылдың 15 мамырында Түркістан облысында қатты жаңбырдың себебі туралы жарияланған хабарлама — жалған, деп хабарлайды «Қазгидромет». Түркістан облысында қатты жаңбырдың себебі туралы 2020 жылғы 15 мамырдағы БАҚ хабарламасында мынадай делінген: «Синоптиктердің айтуынша, облыстағы өткінші жаңбыр – бұл Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуына байланысты. Бөгеттің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының аймағына көп мөлшерде су таралған. Осыған байланысты қазір өңірде қатты булану басталған. Ал, бұл өткінші жаңбырға әкелді». Дереккөзі - «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасаған КТК телеарнасы. «Қазгидромет» РМК бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. 2020 жылдың мамыр айында Түркістан облысында жауған жаңбыр синоптикалық процестердің жылдам ауысуына байланысты болған. Жылы ауа массаларының суыққа бірден ауысуы салдарынан нөсер жауын жауды. Оңтүстіктің тау бөктеріндегі және таулы аудандарында жауын-шашынның толассыз жаууы - сәуір мен мамыр айларына тән құбылыс. Қазгидромет 2020 жылдың 3, 5, 6 және 13-14 мамыр күндері қатты жауын-шашын түсетінін