АҚШ-қа қосылу туралы референдум
АҚШ-қа қосылу туралы референдум
© pixabay.com
296
оқылды
3 қарашада Пуэрто-Рикода арал мәртебесін анықтау туралы референдум өтеді. Тиісті заңға штат губернаторы Ванда Васкес қол қойды, деп хабарлайды  РИА Новости.. Пуэрто-Рико АҚШ бақылауындағы еркін бірлестік болып саналады. Рефендум барысында тұрғындарға "Пуэрто-Рико бірден АҚШ-тың құрамына қосылуы керек пе?" деген сұрақ қойылады. 3 қарашада губернатор сайлаумен қатар өтетін референдум нәтижесін АҚШ қабылдамайды. Бұл мәселеге қатысты нақты шешімді АҚШ конгресі шығарады. 2018 жылы АҚШ конгресіндегі Пуэрто-Риконың тұрақты өкілі 2021 жылы Пуэрто-Риконы америкалық штат деп мойындау туралы заң жобасын ұсынған. Осыған дейін де Пуэрто-Рико тұрғындары аралдың саяси мәртебесін референдум арқылы анықтамақшы болған. Соңғы рет ел тұрғындары 2017 жылы АҚШ-қа 51-ші штат ретінде қосылуға дауыс берген. Алайда  АҚШ-тың әділет министрлігі конгрестің дауыс беру нәтижесін қолдаған жоқ. Айта кетейік, 1898 жылдан бері Пуэрто-Рико АҚШ территориясы болып танылды. Ел тұрғындары - АҚШ азаматтары, алайда олар президент сайлауында дауыс бере алмайды. Сонымен қатар, Пуэрто-Рико АҚШ Конгресінде шектеулі дауыс беру құқығы ие бір ғана өкілі бар.