«Елдің мұңын өз мұңындай көруші еді» – министр Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты
«Елдің мұңын өз мұңындай көруші еді» – министр Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты
Фото: Интернеттен алынды
311
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бейсен Құранбектің отбасына, жақындарына көңіл айтты. Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында: «Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді. «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды. Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», – деп жазды. Бүгін белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өткенін хабарлағанбыз.