Халықаралық ғалымдар тобы кері генетика әдісі арқылы SARS-CoV-2 жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru Cell журналына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, коронавирус жасанды әдіс арқылы дайындалған, бірақ ол табиғи коронавирустың толық көшірмесі.
Ғалымдардың айтуынша, олар үлгі ретінде АҚШ-та алғаш тіркелген науқастың жағындысынан бөлінген вирустың штамын алған. Аспаптағы вирус инфекциямен күресте маңызды рөл атқарады екен. Мамандар қолдан жасалған SARS-CoV-2 вирусын тышқандарға салып, өте тиімді дәрілерді сынап көруді жоспарлап отыр.
Мәскеу физика-техникалық институтында геном инженериясы лабораториясының жетекшісі Павел Волчковтың айтуынша, кері генетика әдісі арқылы вирусты қайта құрастыруға, сондай-ақ оның құрамында не бар екенін анықтауға болады.