Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдай келесі мәселелерді нақтылап бергенін атап өтті: азық-түлік қауіпсіздігі — тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігінің басты элементі. Бүгінде еліміздің аграршыларына барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізімі бекітілді, олар бойынша баға мемлекеттік деңгейде реттеледі. Азық-түлік қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етіп, оларды дүкен сөрелеріне дейін жеткізу тетіктерін пысықтау және бағаны қатаң бақылау қажет, алыпсатарлыққа жол беруге болмайды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Төтенше жағдай кезеңінде еліміздің кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеді, өндірілген өнім сауда нүктелеріне еш кедергісіз жеткізілді, бұған дүкен сөрелерінде азық-түліктің жеткілікті көлемде және алуан түрінің болуы дәлел бола алады.