Елордада маскасыз жолаушылар автобустан түсіріледі
Елордада маскасыз жолаушылар автобустан түсіріледі
© Сурет ғаламтордан
5,222
оқылды
Елордада қоғамдық көліктерде жолаушылар маска тағып жүруге міндетті. Кері жағдайда автобусқа отырғызылмайды. CTS компаниясының қызметкерлері таңғы сағат 6-дан бастап қоғамдық көлік тоқтағанша жолаушылармен жұмыс жасауда. Олар адамдардың маска тағуын тексеріп, сақттық шараларын түсіндіріп жатыр.
«Жолаушыда маска болмаған жағдайда автобустан түсуді өтінеміз. Бұған қоса, автобус іші жолаушыға 50 пайыз толғанда аялдамаға тоқтағанымен, алдыңғы есігі ашылмайды. Жүргізуші басқа жолаушыларды шығару үшін қалған есіктерді ашады. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалады», - деп атап өтеді аталған компания өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда елімізде төтенше жағдай режимі алынды. Эпидемиялогиялық ахуалдың жақсаруына байланысты шектеу шаралары да біртіндеп жұмсартылуда. Сол себепті қоғамдық көліктегі жолаушылар саны артып келеді. Мәселен, автобустар бағдарға шыққан 12 мамыр күні қоғамдық көліктерде 146 907 жолаушы қатынаса 15 мамырда адамдар саны 237 969-ға жетті. Қоғамдық көлік 15 мамырдан бастап таңғы сағат 6-дан кешкі 22:00-ге дейін жүреді.
«Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтап, қала карантиннің қатаң шараларына қайта оралуы мүмкін», - деп ескертеді CTS компаниясы.