Талдықорғанның тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі
Талдықорғанның тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі
© Сурет ғаламтордан
5,211
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.
«Арнайы іс-шара барысында бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 45 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Оның мекенжайына санкцияланған тінту жүргізу кезінде үш жарым грамм марихуана тәркіленді. Одан әрі оның гаражын тексеру барысында ішіне 9 килограмға жуық гашиш салынған полиэтилен пакеті табылды. Күдіктінің мекенжайынан табылған есірткі заттарының барлығы тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деді облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2,4- тармағына сәйкес аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.