Табиғи апаттың салдарын жою мәселесі қаралды
Табиғи апаттың салдарын жою мәселесі қаралды
264
оқылды
Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов қалада табиғи апаттың салдарын жою және алдын алу жұмыстары бойынша жиын өткізді. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз халге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді за­қымдаған. Алайда ол баспаналар тек ағым­дағы жөндеу жұмыстарын талап ете­ді. Бұдан бөлек, 12 қора-қопсы құла­ған. Құ­лаған нысандардың құжаты бол­ма­ған­дықтан, қораға мемлекет тарапынан өте­­мақы төленбейді. Сондай-ақ екі бас ірі қа­ра мал суға ағып кеткен. Жиында сөз алған қала әкімінің бірінші орын­басары Ербол Садыр су тасқынының сал­дарын анықтау және келтірілген шы­ғын көлемін есептеу жұмыстары арнайы құрылған комиссиямен әлі де жүретінін атап өтті. – Бадам өзені арқылы өткен су мөлшері се­кундына 146 текше метр болған. Яғни, су орта қалыпты жағдайдан жеті есе көп. Қа­іргі кезде секундына 49 текше метр су өтіп жа­тыр. Бұл – өзен суы төмендеп жатыр де­генді білдіреді. Қаладағы жағдайға бай­ланысты Ауыл шаруашылығы, Энергетика бас­қармасымен қаладағы қауіп төндіреді де­ген жерлерді анықтап шықтық. Соған бай­ланысты 4 ауданның әкімдеріне тап­сырма берілді. Мәселен, Абай ауданы Ба­дам өзенінің жағалауын бекіту бойынша қа­жетті жұмыстарды жүргізіп жатыр, – де­ді Ербол Садыр. Айта кетейік, ауа райын болжаушылар Шым­кентте алдағы күндері де жауын-ша­шын болатынын айтады. Сол себепті қала бас­шылығы тарапынан сақтық шаралары кү­шейтіледі.  

А.ЖАСАНҰЛЫ