Халыққа қызмет көрсету орталығында болды
Халыққа қызмет көрсету орталығында болды
5,207
оқылды
Nur Otan партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ондағы жұмыстармен жете танысты. Шара барысында карантиндік шараларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде мекеме басшысы Э.Иги­льманова қалыптасқан жағ­дай­ға байланысты 11 мамырдан бастап жұ­мыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін түскі үзіліссіз атқа­ры­лып отырғанын баяндады. Дайын құ­жаттар арнайы терезе арқылы бай­ланыссыз тапсырылады. Қазіргі уа­қытта мекеме қызметкерлері де, қызмет алушылар да сақтық ша­ра­­­ларын басты  назарда ұстайды. Тек­серіс кезінде қызметтің барлық тү­рі халыққа жауапкершілікпен ұсы­нылып отырғаны, шектеу ша­ра­ларының және мекемедегі сани­тар­лық жағдайдың сақталуы да талапқа сай екені анықталды.  

Абылайхан ЖҰМАШ