Қазақстанда әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады.
Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет азаматтық авиацияны жер салығынан босатқанын айтты.
Оның айтуынша, азаматтық авиацияны қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау мақсатында ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақытша қосылған құн салығынан босату ұсынылады.
«Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Одан басқа, резидент еместер авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салығын төлемейді», – деді министр.